Көпқабатты үйдегі пәтердің бірінің есігі өздігінен құлыпталып, ішінде қария қамалып қалған
Сурет: pixabay
24 наурызда "112" қызметіне Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік өздігінен құлыпталып, ішінде қарт әйелдің қалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл аттанған жедел-құтқару жасағының құтқарушылары есікті арнайы құралдың көмегімен ашып, кейуананы құтқарды.
Шошып кеткен қария құтқарушыларға есікке қолына тиген заттарды лақтырумен болғанын жылап айтып берді. Осылайша ол көршілеріне белгі берген екен. Көп ұзамай кейуананың қызы да келіп жетіп, құтқарушыларға алғыс білдірді.
ТЖМ балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript