БҚО-да су тасқыны қаупіне байланысты мыңға жуық адамды эвакуациялау жоспарланып отыр
Сурет: видеодан алынды
Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.Сол себепті осы аумақта орналасқан Мичуринское, Объединённое, Ветеран, Звёздочка және т.б саяжайларды эвакуациялау жұмысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аудан маңындағы саяжайларда шамамен 1000-ға жуық адам тұрады.
"Саяжайдағы тұрғындарды эвакуациялау жұмысына 5 автобус жұмылдырылған.Осы ретте тұрғындардан уақытша қауіпсіз жерге көшуді сұраймыз. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript