Құлсарыда Ұлттық ұлан гвардиясының 125 сарбазы жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Құлсарыдағы су тасқынына қарсы күрес іс-шаралары тәулік бойына қарқынды жүргізіліп жатыр. Оған жергілікті атқарушы органның, полицияның, төтеншеліктердің, әскер қызметкерлері, волонтерлар тартылған. Соның ішінде Ұлттық ұлан гвардиясының 125 сарбазы жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды.
Әскерилер кеше сағат 21:30-дан демалыссыз қапшыққа құм толтырып, бөгет соғып жатыр.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Олар 5 ауылда, мешіт ауылына жұмыс істеуде.
Сарбаздар келіп жатқан өзен суына тосқауыл қою үшін 6000 қап құм бөгет төседі.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript