Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үстіне ағаш құлап, сегіз ай төсек тартып жатқан жігіт білім ордасымен соттаспақ ниетте

Ағаштың құлауы, Алматы, зардап шеккен жігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 22:22 Сурет: Zakon.kz
Алматыда дауыл кезінде үстіне ағаш құлап, бір ажалдан қалған Айдын Боранбаевтың бас сүйегіне зақым келіп, бел омыртқасы сынып, қазір жұмысқа жарамай қалған. Оқыс жағдай Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аумағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер азамат қураған бұтаны кеспеген білім ошағын кіналайды. Қолында видеоматериалдар мен басына ағаштың құлағанын көрген куәгерлер бола тұра, іс насырға шапқалы тұр дейді жапа шеккен жігіт, деп хабарлайды КТК.

"Сол кезде әріптесім екеуіміз жұмыстан шығып, осы жерге тұрып, қоштасып, әріптесім үйге қайтып, мен де велосипедіме енді отырып жүрейін деп бара жатқан кезде сынып жатқан талдың дауысын естіп, қай жаққа қашарымды білмей, жоғары қараған сәтте үстіме ағаш құлады". Айдын Боранбаев

Қатты соққыдан есінен танып, ауруханада бір-ақ оянған. Денсаулығына көп зиян келген. Миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Иығы мен бел омыртқасы да сыныпты. Сегіз айдай тұра алмай төсек тартып жатып қалған. Өздігінен енді ғана жүре бастаған.

"Екі балам бар. Қалада екі бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз. Кредиттерім бар еді. Соның кесірінен екі бөлмелі пәтерді төлей алмадым. Бүкіл үйдегі заттарды сатып, әйтеуір күн көріп жүрміз, бірдеңе қылып. 7-8 ай болды, жұмыс істей алмаймын. Ауыр көтеруге болмайды. Емделейін десем, емделуге қаражатым да жоқ".Айдын Боранбаев

Осы уақытқа дейін құрылыс саласында нәпақа тауып, енді жұмысқа жарамай қалған Айдын Боранбаев өзінің қазіргі халіне тікелей университетті кінәләйді. Салбырап түсейін деп тұрған талды уақтылы бұталамаған деп отыр.

"Ағаш құлаған кезде мен де болдым. Алғашқы көмекті көрсеттік. Кезінде бұл талдың бұтасы біздің қақпаға дейін салбырап тұрған. Сол күні әкімдіктегілер келді. Келесі күні теректі бұталап тастады". Куәгер Рамиль Каляшев

Зардап шеккен Айдын Боранбаев шығынды өндіру үшін заңгерге жүгінген.

"Бірінші әкімдікке бардық, Бостандық ауданының. Ол жақтағылар "ТЖМ тергеу жүргізген, тал Аграрлық университеттің аумағында тұрған соң, университет жауапты" деп отыр. Одан басқа учаске полицейі келген сол жерге. Олар да солай айтып отыр, аграрлық университет деп. Ең таңқаларлығы, сол күні адамға тал құлаған, барлық құзырлы орган біледі. Бірақ тек аграрлық университетінің басшысы бұл мәселені білмейді. Ол қалай сонда? Мен соны түсінбей отырмын". Заңгер Жандос Ниязалиев

Университеттегілердің пікірін біз де түсіне алмадық. Қызметкерлерінің әңгімелері әр түрлі. Бірін-біріне қайшы келеді. Ал ректордың орынбасары, әу баста, "мәселені білмеймін" деп, кейін аталған жайтты тәптіштеп түсіндірді.

"Мен ол жағдайды білмеймін. Соттан келген жоқ. Полициядан ешқандай қағаз келген жоқ. Біз қандай жағдайда жауап береміз? Мемлекеттік ұйым болғаннан кейін, 30 күнде жауап беруіміз керек. Солай емес пе? Бізге ондай шағым түскен жоқ. Бірақ осындай болған екен деп айтты. Ол қураған ағаш емес, ол өсіп тұрған ағаш. Біз оларға хабарластық деді. Мен жалпы адамның үстіне ағаш құлағанын білемін".Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті басқарма төрағасы ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов

Сайып келгенде, білім ордасындағылар мәселенің анық-қанығына 10 күннің ішінде жетеміз деп отыр. Кінә университеттен болса, шығынды өтейміз деп сендірді . Бірақ зардап шеккен тарап бұған күмәнмен қарайды. Сондықтан олар сотқа жүгініп, ғылым және жоғары білім министрлігіне де шағым түсіруді көздеп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: