Ақтөбе облысында Мамыр ауылының адамдары тікұшақпен эвакуациялануда

Ақтөбе облысында су басу қаупіне байланысты Мамыр ауылынан адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ырғыз ауданының аумағында Торғай өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылы елдімекенін су басу қаупі туындады.
"Осы минуттарда ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды", делінген хабарламада.
Бүгін елдімекендерді су тасқынынан қорғау және тасқын суын жинау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі 20 су қоймасын салатыны хабарланды. Жаңа су қоймалары 11 облыста салынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript