Жаңалықтар тізбегі
0

13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, дауылды ескерту, 13 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 21:12 Сурет: pixabay
13 сәуірде Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

2024 жылдың 13-16 сәуір аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы және қардың көптеп түсуі, сондай-ақ Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталады. Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға кеңес беріледі. Алматы облысының тауларында абай болыңыздар.

2024 жылы 12-13 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі қаупі күтіледі, мұндайда өзен кенерінен асып, су тасқыны болуы мүмкін. Қауіпті межеден асқан кезде өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатыны да ескертіледі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 18 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз және түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан 16 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте де найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман, күндіз жаңбыр болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Айта кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сенбіде, 2024 жылдың 13 сәуірінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: