Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістанда алып қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Үндістанда алып қоқыс полигоны өртеніп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 10:15 Сурет: flickr
Өрт Үндістанның астанасында орналасқан ең үлкен Газипур қоқыс полигонында орын алды. Оқиға бойынша, экологтар дабыл қағуда. Олардың айтуынша, дер кезінде шара қолданбаса, өрт жергілікті халық үшін үлкен экологиялық апатқа алып келмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Hindustan Times басылымының хабарлауынша, өрт 2024 жылдың 21 сәуірінде кешке басталған. Жергілікті сарапшылар өртке полигонда пайда болған газ себеп болғанын атап өтті.


Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Газипур полигоны - Нью-Делидің шығысында орналасқан елдегі ең үлкен қоқыс алаңы. Жергілікті белсенділердің айтуынша, оның биіктігі жыл сайын орта есеппен 10 м-ге өсіп отыр.

2019 жылы полигонның биіктігі 65 метр болған.

Шенеуніктер полигонды 2023 жылдың соңына дейін тазартуға уәде берген, бірақ содан бері полигонның тек биіктігі артып келеді. Күн сайын Газипурға шамамен 2 мың тонна қоқыс тасталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден қолында баласы бар әйелді алып шықты

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: