Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті

Алматыдағы Көк-төбедегі телемұнараға найзағай түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 14:39 Сурет: бейне скриншоты /Instagram/shavarev_
2024 жылғы 24 сәуірде Алматыда аздап жаңбыр жауып, сол кезде Көктөбе тауындағы телемұнараға жай түсті. Бұл сәтті жергілікті фотограф Александр Шаварев түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол суретті Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Суретке пікір қалдырушылар кадрлардың қорқынышты, бірақ әдемі екенін бірауыздан атап өтті.

  • Сәтті түсірілген кадр!
  • Әдемі және қорқынышты.
  • Сірә, бұндай кадр ешкімде жоқ шығар...
  • Ең бастысы, жаңбырдың соңы Дубайдағыдай болмаса болды...
  • Неткен ғаламат, - деп жазады желі қолданушылары.

Айта кету керек, синоптиктердің болжамы бойынша қалада қолайсыз ауа райы 28 сәуірге дейін сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: