БҚО-да су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды

БҚО-да су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 15:07 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдай салдары нәтижесінде өңірде 1 292 тұрғын үй бүлінген, оның 397-сі тұруға жарамсыз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында және Бәйтерек ауданында үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

"Бүгінгі таңда жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталды, геологиялық және топотүсірілім жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының және өңірдің ірі кәсіпорындары мен басқа да ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.",- делінген ведомства ақпаратында.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 1490 отбасы (547,3 млн теңге) 100 АЕК (369,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: