Қазақстанда су тасқыны салдарынан халықаралық турнир уақыты ауыстырылды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі 2024 жылдың 26 сәуірінде елімізде өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің уақыты ауысқанын мәлімдеді. Оның, себебі қапыдан келген қарғын су екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомства мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырғанын еске салды. Қолданып жатқан шараның негізгі мақсаты - су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу.
"Осылайша, биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды."Қр Туризм жəне спорт министрлігі баспасөз қызметі
2024 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы қазандағы (Татарстан) "Болашақ ойындарына" барған кезде келесі мультиспорттық турнир Қазақстанда өтетінін мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript