Бишімбаев ісі бойынша сот жарыссөздері - 29 сәуірдегі тікелей эфир
Қуандық Бишімбаевты азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы айрықша қатыгездікпен өлтірді, ал Бақытжан Байжановты қылмыс туралы жасырынып, хабарламады деп айыптауда.
Сот залынан Онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.
Сот отырысының бірінші бөлімі
Сот жарыссөздері сағат 10:00-де басталған жоқ, өйткені сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов конвой қызметіндегі ақауларға байланысты отырыста болмады.
"Негізгі сот талқылауы сотталушылардың міндетті түрде сот отырысы залына қатысуымен өтуі тиіс. Айдауыл қызметінде ақаулар туындағанын және сотталушылар сағат 11:00 – ден кейін жеткізілетінін ескерсек, біздің мәліметтеріміз бойынша, негізгі сот талқылауы сағат 14:30-ға дейін кейінге қалдырылады", - деді судья Айжан Құлбаева.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 24 сәуірінде өткен өткен отырыста судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады. Судьяның айтуынша, жарыссөз 29, 30 сәуір, 2, 3 және 4 мамырда болады.
Жалпы, іс бойынша 27 наурыздан бастап 17 сот отырысы өткізілді.