ТЖД ескертуі: ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды
Сурет: amanatpartiasy.kz
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова 2024 жылғы 4 мамырда өңірдегі су тасқыны бойынша ағымдағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОКҚ-да өткен брифинг барысында ол өңірде су тасқынының екінші толқыны басталғанын мәлімдеді.
"Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды. Бүгін қаржамылғысының ауданы облыстың 19 % құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі", - деді Дина Бексұлтанова.
Оның айтуынша, мобильді топтар күн сайын тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағалауды нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілуде.
"Облыста жедел штаб жұмыс істеуде, барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілуде. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді. Жергілікті су басу жағдайлары бойынша суды сору және қапшықтарды төсеу бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Жағдай бақылауға алынған", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript