Алматыда өмірге қауіпті алкоголь мен сыра түрі табылды
Атап айтқанда, 1200 литр көлемінде спирттің ерекше иісі бар қою сұр түсті сұйық құтылар, 870 қаңылтыр сыра және контрафактілі темекі өнімі-сәйкестендіру құралдары жоқ және 760 пакет мөлшерінде анықталмаған үлгідегі сәйкестендіру құралдары бар темекі табылды.
Сурет: Алматы МКД
Сурет: Алматы МКД
Заңсыз өнімнің жалпы құны 2,2 млн теңгені құрады.
Анықталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін қаланың сот органдарына берілді.
МКД бұл бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 283, 283-1, 463-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін түсіндірді.
"Жоғарыда аталған тәркіленген акцизделетін өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды күмәнді шыққан алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады", - делінген департамент хабарламасында.
Акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша қала тұрғындары Мемлекеттік кірістер департаментіне мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95 үй, каб. 417, телефон: 8(727) 267-35-62.