Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді
Ол Асхат Хасеновты тағайындалуымен құттықтады.
"Ол мұнай-газ саласында тәжірибесі мол маман. Тапсырмаларды іске асыруда табыс тілеймін", - деп жазды Мырзағалиев.
Как для человека прошедшего все ступени в нефтегазовой отрасли, было честью и большой ответственностью руководить компанией на протяжении двух лет. Хочу поблагодарить Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева за поддержку и доверие.
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) May 15, 2024
Ол мұнай-газ саласындағы барлық сатылардан өткен адам ретінде компанияны екі жыл бойы басқару абырой мен үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтқым келеді", – деп жалғастырды Мағзұм Мырзағалиев.
Оның айтуынша, барлық іске асырылған жобалар компанияның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның дамуы мен өркендеуін болашақ ұрпаққа қамқорлықпен қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды игеру жөніндегі миссиясына қол жеткізуге бағытталған.
"Еліміздің тұрақты болашағына қосқан үлесі үшін әр қызметкерге жеке алғыс айтқым келеді. ҚМГ елдегі ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады, осылайша республиканың болашағына үлес қосады", - деп жазды ол.
15 мамырда Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды, оның орнына Асхат Хасенов уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.