Ақтауда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген мас жүргізуші екі жол апатын жасады
Lada басылымының хабарлауынша, куәгерлер 20 ықшам ауданы жағынан шыққан Toyota Land Cruiser Prado-ның қарама-қарсы жолда келе жатқан "жеңіл көлікті" қақанын көрген.
Алайда апатқа кінәлі көлік тоқтамастан кете берген. Одан кейін ол 12 ықшам аудандағы "Жас Қанат" спорт кешенінің жанында Kia-ны түйіп өтеді. Жеңіл көлікте жас балалары бар отбасы боған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа кінәлі жүргізуші мас болған.
Бұл ақпаратты кейінірек полиция растады.
"Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мас болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деп хабарлады аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы "жедел жәрдемге" шақырту 23:05-те түскенін нақтылады. Бір адам зардап шекті, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
18 мамырда Павлодарда "ЖЭО-2" қызметкерлерін тасымалдауға арналған автобус жүргізушісі трамвай бағанына соқтығысып, қаза тапты. Полиция апаттың себебі жүрек талмасы дерті болуы мүмкін екенін айтты.