ІІМ Құлсарыдағы жағдай туралы: ұсталғандар жоқ

ІІМ Құлсарыдағы жағдай туралы: ұсталғандар жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2024 15:31 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 22 мамырда су тасқынына байланысты өтемақы төлемдеріне наразылық білдірген Құлсары тұрғындары алаңды босатқанын хабарлады. ІІМ ешкімді ұстаған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, сындарлы келісімге қол жеткізілді.

"Алаңнан адамдар кетіп қалды. Менің түсінгенім бойынша, бірауыздан келісімге қол жеткізілді. Құлсарда қандай да бір қамау жүргізілген жоқ", - деді Марат Қожаев.

22 мамырда Құлсарылықтар әкімдік алаңын босатқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: