Емтихандардағы жаңашылдық: кейбір оқушылар алғаш рет қазақ тілінен емтихан тапсырады

Емтихандардағы жаңашылдық: кейбір оқушылар алғаш рет қазақ тілінен емтихан тапсырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 12:43 Сурет: Telegram/oqu_agartu
Бүгін, 27 мамырда Қазақстан мектептерінде емтихан кезеңі басталды. Сынақ 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихадар өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді.

Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

29 мамыр мен 10 маусым аралағында 9 сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар өтеді, ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.

"Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 20 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9 сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11 сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: