"Полицей ұрлық жасады деп айыпталды": ІІМ анықтама берді
Соңғы уақытта қазақстандықтар WhatsApp арқылы өздерін полиция ретінде көрсететін алаяқтар туралы хабарламаны белсенді түрде жіберуде.
Автордың айтуынша, үйді аралап, өзімен бірге ІІМ символикасы бар бланкілерді ала отырып, қаскүнемдер алдағы халық санағы қарсаңында қазақстандықтардың жеке куәліктерін тексереді, ал іс жүзінде ұрлық жасайды деп сендіреді.
Сурет: Stopfake.kz
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа жауап берді.
Ведомствода таратылымда көрсетілген алаяқтық фактілері республика аумағында тіркелмегені нақтыланды.
"ІІМ жеке куәліктерін тексеру, суретке түсіру және саусақ іздерін алу мақсатында азаматтарды араламайды. ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеміз".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, Stopfake.kz. басылымында мамандар атап өткендей азаматтарды қырағы болуға және бөгде адамдарға жеке деректері туралы ақпарат бермеуге шақырды.