Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль әскері Рафахтағы тұрғын үйді бомбалау кезінде тағы жеті адам қаза тапты

Израиль әскері Рафахтағы тұрғын үйді бомбалау кезінде тағы да жеті адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 09:20 Сурет: wikipedia.org
Газа секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан Рафах қаласындағы тұрғын үйді Израиль армиясы бомбалау кезінде кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ливанның Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, тағы алты адам жарақат алған.

27 мамырға қараған түні Израиль қала маңындағы босқындар лагеріне әуе шабуылын жасады - 66 адам қайтыс болғаны анықталды. Әуе шабуылында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина ХАМАС қозғалысының штаб бастығы Ясин Рабиа қаза тапты.

Кейінірек Газада израильдік шабуылдардан қаза тапқандар саны 36 мыңнан асқаны белгілі болды.

Айта кетейік, БҰҰ Халықаралық соты Израильден Рафахтағы әскери операцияны тоқтатуды талап етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: