Атырау облысында су алған тас жол жабылды

Жол жабылды, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 21:09 Сурет: freepik
2024 жылы 31 мамырда сағат 19:00-де Атырау облысында "Махамбет-Х.Ерғалиев" тас жолының 13-14 шақырымындағы (Махамбет-Х.Ерғалиев ауылдарының учаскесі) жол учаскесін су алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
"Қазіргі таңда жол белгілері мен сигналды бағандар орнатылуда", делінген хабарламада.
Бұған дейін "Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолына тұрғызылған бөгеттер алынып жатқаны хабарланған. Ондағы мақсат - өр суын жолдың екінші жағындағы жайылма бөлігіне жіберу.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: