Жаңалықтар тізбегі
0

Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған: Шымкентте қамқоршылық қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған: Шымкентте қамқоршылық қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 12:35 Сурет: pixabay
Шымкентте асырап алған әкесі азаптаған балалармен болған оқиға жалғасын тапты. Қамқоршылық қызметкерлері мен мектеп педагогтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жазды.

Аталмыш қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Іс сотқа берілді. Қамқоршылық қызметкерлері мен мектеп педагогтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр".Динара Закиева

Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт екенін атап өтті.

Осыған байланысты ақпан айының соңында Президент Әкімшілігінде әкімдіктерімен кездесу өткізілді, нәтижесінде:

  • Наурыз айынан бастап барлық асырап алушы отбасыларға рейд жүргізу басталды. Аяқталу мерзімі - 1 шілде.
  • Заңға өзгерістер енгізілді: мемлекеттік органдарға, соның ішінде қамқоршылық органдарына тексеру жүргізу бойынша өзгерістер қабылданды. Бұрын қамқоршылық органдарына тұрақты тексерулер жүргізілмеген.
  • Қамқоршылық органдары қызметкерлерінің тапшылығын жүйелі түрде шешу үшін біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және депутат Ю.В. Кучинскаямен бірлесіп, заңға қамқоршылық органдары қызметкерлерінің құзыреті мен санын бекіту туралы түзетулер дайындап, жолдадық. Олар бұл саладағы түбегейлі өзгерістер енгізу үшін ерекше маңызды. Қазір олар үкіметтің қорытындысында.
"Қазір Шымкент қаласындағы 485 мың балаға 5 қамқоршылық қызметкері ғана бар, яғни бір қызметкерге 90 мың бала келеді. Түзетулерді енгізу халықаралық нормативті бекітуге мүмкіндік береді: 1 қызметкерге 5 мың бала, яғни Шымкентте 5 емес, 90 қызметкер болады".Динара Закиева

Сондай-ақ жалақыны 50% - ға арттыру мәселесі пысықталды. Үш өңірден басқа барлық өңірлер қолдап, келісім берді.

"Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты қабылданған заңды сапалы түрде жүзеге асыру үшін бұл өте маңызды норма. Қамқоршылық қызметкерлерін санының нормативін бекіту, олардың санын арттыру – балалар құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігінің негізі",- деп жазған өкіл.

Айта кетейік, ресми статистикаға сүйенсек, елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 18 жасқа дейінгі балалар саны - 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: