Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылындағы бөгет толық нығайтылды

Бөгет, су тасқыны, Атырау қаласы, Ақжар ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 20:01 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында салынған бөгеттің шеті су ағысының қатты болуына байланысты үгітілген. Бөгеттің үгітілген бөлігін ТЖД қызметкерлері және мердігер мекеме мамандары бірге нығайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылындағы бөгет толық нығайтылды. Қазіргі уақытта Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында ахуал тұрақты. Бөгеттер нығайтылып, тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұл туралы учаскеге жауапты координатор Қаһарман Мұсаев мәлім етті.

Оның айтуынша, бөгетті су жарған жоқ. 


"Бөгеттің үгітілген бөлігін ТЖД қызметкерлері және мердігер мекеме мамандары бірге нығайтты. Тәулік бойы кезекшілік жалғасуда. Қазіргі таңда бөгеттердің үстіне гиомембрана төселіп, жұмыстар 100% аяқталды", - деді Қаһарман Мұсаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: