Жаңалықтар тізбегі
0

400 млн теңгеден астам ақша ұрлаған мектеп бухгалтерімен болған оқиға жалғасын тапты

400 млн теңгеден астам ақша ұрлаған мектеп бухгалтерімен болған оқиға жалғасын тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 09:49 Сурет: freepik
Ақтөбе қаласының № 2 сотында 5 маусымда №55 мектеп-гимназиясының экс-директорына қатысты қылмыстық іс қаралды, ол 413 млн теңге ұрлық жасағаны үшін сотталған мектеп бухгалтеріне өзінің ЭЦҚ-сын берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот "К" 2015-2022 жылдар аралығында №55 о/м-гимназиясының директоры бола тұра, өзінің электрондық цифрлық қолтаңба кілтін бас бухгалтер "Т" бергенін, ол өз кезегінде 413 млн.теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты ұрлап кеткені сотпен анықталды.

"Сонымен қатар, "К"аталған мектептің директоры бола тұра, мектептің белгілі бір мұғалімдеріне 0,5 мөлшерлеме бойынша қосымша жалақыны негізсіз есептеу туралы өкім берді, олар өз кезегінде жұмысты орындамады, ал түскен қосымша жалақыны "Қ"берді",- делінген соттың хабараламасында.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындамады, ол оның ЭЦҚ кілті үнемі бас бухгалтер "Т" да болғанын және оның ұрлық жасағанын білмегенін, оған ықпал етпегенін алға тартты.

"Екінші эпизодтағы айып бойынша кейбір мұғалімдерге негізсіз жалақы төлеу орын алғанын, бірақ пайдакүнемдік мақсатта емес, алған барлық қаражаты мектептің қажеттіліктері мен күтіміне жұмсалғанын түсіндірді. Өзін ақтауды өтінді". Ақтөбе қаласының № 2 соты

Тағайындалған жаза:

  • -371-бабының 2-бөлігі бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу;
  • -189-бабы 3-бөлігінің 1),2) тармақтары бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазалары тағайындалды.
  • ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша неғұрлым қатаң жазаны сіңіру жолымен түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалды.

28 мамырда БҚО әкімдігінің есепшісі өзі қалаған жалақы мөлшерін есептеп, осылайша 7 млн бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: