Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда тасқын аумақтарында желдің көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

Қаты жел, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласы, бөгеттер, күшейтілген режим, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 14:24 Сурет: pixabay
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Атырау қаласында жел екпін алуда. Желдің екпіні секундына 7-12 метр жылдамдыққа дейін жетеді деп күтіледі. 

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғады. 

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", делінген 2024 жылғы 8 маусымдағы жедел штаб хабарламасында.

8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см),
  • Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см),
  • Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: