Семейде аммиак селитрасы сақталған үлкен қойма өртенді

Өрт, Семей, аммиак селитрасы, үлкен қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 10:16 Сурет: ҚР ТЖМ
Семей қаласында түнде алапат өрт болды. Аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ сақталған үлкен қойма отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын жалмаған ауданның алдын ала көлемі - 1000 шаршы метр. Қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не түрткі екені айтылмайды.

ТЖМ күштерімен сағат 3:23-те өрт оқшауланды. Сағат 5:01-де өрт толығымен сөндірілді.

Айта кетсек, 20 маусымда ТЖМ күштерімен Іле-Балқаш табиғи резерватындағы алапат өрт сөндірілді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: