Терезеден шығып, би билеп жүріп құлады: ІІМ Алматыдағы бойжеткеннің өліміне қатысты түсініктеме берді
Сурет: polisia.kz
Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 2024 жылдың 27 маусымында Сенаттың кулуарында Алматыда терезеден құлап, қайтыс болған қыз туралы тың мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазір туыстары айтқан ақпарат тексерілуде.
"Қыз - Қырғызстан азаматы. Бүгінде мінез-құлық ерекшелегі бар екендігі анықталды. Туған-туыстары тарапынан да оның психиологиялық денсаулығына қатысты проблеманың болғаны жайлы ақпарат пайда болды. Осы оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Неліктен оның мұндай қадамға барғанын айта алмаймын. Жағдай анықталмаған", - деді Марат Қожаев.
2024 жылғы 26 маусымда Алматы қаласында бойжеткен терезеден құлап мерт болды.Куәгерлер оның өмірінің соңғы сәттерін түсіріп алған. Кадрларда бойжеткен терезеден шығып, би билеп, карниздың бойымен жүреді. Тіпті оның ән айтып жүргенін де естуге болады. Өкінішке орай, бұл әрекеттер қайғылы аяқталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript