Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий жағалауындағы тау болып үйіліп жатқан қоқыс желі қолданушыларының ашуын туғызды

Каспий жағалауындағы тау болып үйіліп жатқан қоқыс желі қолданушыларының ашуын туғызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 15:25 Сурет: Instagram/azamat_sarsenbayev
Ақтаулық белгілі блогер Азамат Сәрсенбаев үнемі өңірдегі маңызды мәселелерді қозғап, әлеуметтік желіде бөлісіп отырады. Бұл жолы ол демалушылардың мәдениеттілігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогер Каспий теңізінің жағасында шашылып жатқан қоқыстар туралы бейнеролик жариялады.

2024 жылдың 2 шілдесіндегі Instagram-да жариялаған жазбасында ол былай деп жазды:

"Маңғыстауда әлі күнге дейін демалыс мәдениеті дамымағаны өкінішті. Мен әрдайым тау болып үйіліп жатқан қоқыстың жанында тыныш тамақтана алатын және демалатын адамдар бар екеніне таң қаламын"

Демалушылардың жағымсыз әрекетіне қарамастан, Каспий теңізі сұлулығын жоғалтпаған.

"Жағалаудағы барлық тәртіпсіздіктерге қарамастан, Каспий теңізінің сұлулығы сондай керемет", – деп жазды блогер екінші жазбасында.

Бұған дейін Каспий теңізінің деңгейі 119 см-ге көтерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: