"Біздің заманымыздың батыры": Суға батып бара жатқан баланы құтқарған жігіт, оқиғаның жай жапсарын айтты
Сурет: Instagram/kris_p_talgar
Алматы облысының тұрғыны Үлкен Алматы каналымен ағып бара жатқан баланы қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті журналистер батыр жігітті таба алды. Алайда әңгіме барысында Серік өзін батыр деп санамайтынын атап өтті.
"Мен көпірден өтіп бара жатып, суға батып бара жатқан баланың жанында жүгіріп келе жатқан балаларды байқадым. Олар оған көмектесе алмай тек айқайлап келе жатты. Мен тез жүгіріп, оны судан шығардым. Бала суды жұтып қойғанымен, қалыпты тыныста болды. Қорқып қалған... ... Тынышталып, өзіне келгеннен кейін, достарымен бірге кетті... ... Мен өзімді батыр деп санамаймын. Менің орнымда басқа біреу болса да көмектеседі деп ойлаймын", – деді ол.
Серік 28 жаста, жүк тасымалымен айналысады.
Талғар ауданының әкімдігі өз кезегінде батырдың назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді. Әкім ризашылық білдіру үшін онымен кездесу өткізеді.
2024 жылдың 10 шілдесінде әлеуметтік желілерде үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан баланың видеосы тарады. Оған кездейсоқ өтіп бара жатқан адам көмекке келді. Ол Қазнетте "біздің заманымыздың батыры" деген лақап атқа ие болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript