Атырау облысында қарақұрт шағып, 90 түйе арам қатты. Өлген мал иелеріне 65 млн теңге шығын келді

Қарақұрт, бүйе, Атырау облысы, шағу, түйе, өлген мал, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 18:03 Сурет: pixabay, pexels
Екі айдың ішінде Атырау облысында 485 түйені қарақұрт шаққан, салдарынан олардың 90-ы арам қатты. Өлген мал иелері 65 млн теңге көлемінде шығын келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтағы ауылшаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде, оның ішінде құмды аймақтарда да ауылшаруашылығы жануарларына зиян келтіретін қарақұрттардың саны артып келеді.

"2024 жылдың маусым-шілде айларында 485 бас түйе малын қарақұрт шағып, салдарынан 90 бас шығын болды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306 бас жануар сауығып, 89 бас малға әлі де емдеу жүргізілуде. Өлген мал иелеріне 65 млн 211,2 мың теңге шығын келтірілді", делінген ведомство хабарламасында.

Бұл арада улы жәндіктердің шағуының алдын алу, емдеу және өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет қаржысы есебінен қарастырылмағаны нақтыланады. Осыған байланысты улы бүйірлерден қорғану немесе оларды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды.

Осы ретте, мал иелеріне улы жәндіктер көп тараған жайылымда түйе, жылқы және сиыр малдарын жаюдан бас тартуды, ауру белгілері білінген жануарлар туралы жедел түрде ветеринар мамандарға хабарлауды, сондай-ақ емдеу шараларын қабылдап жатқан жануарларды күтіп-бағу ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Себебі, улы жәндіктер шаққаннан кейін жедел түрде ветеринариялық емдеу шараларының қолдануы - малды өлімнен алып қалудың ең негізгі жолы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: