Елімізде тұтқындарға жоғары білім беру мүмкіндігі қарастырылуда

Елімізде тұтқындарға жоғары білім беру мүмкіндігі қарастырылуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 16:57 Сурет: pixabay
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков 2024 жылғы 18 шілдеде ОКҚ-да өткен брифингте ел түрмелеріндегі оқу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгінде пенитенциарлық мекемелерде 45 мектеп жұмыс істейді, онда 1,5-тен астам тұтқын орта білім алады.

"Курстың соңында олар диплом алады. Оқыту бағдарламалары азаматтық білім беру ұйымдарынан ерекшеленбейді, ал диплом мен аттестат – мемлекеттік үлгіде. Сондай – ақ мекемелер қабырғасында жоғары білім алу мәселесі пысықталуда", - деді ҚАЖК басшысы.

Саясат Нұрбек 2024 жылғы 16 шілдеде Үкімет отырысында онлайн білім беру мен гибридті білім беру жүйесіне рұқсат берілгендігін айтқан болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: