Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында қарақұрттың көп таралуына байланысты табиғи сипаттағы ТЖ режимін жариялау мәселесі қаралуда

Павлодар облысында қарақұрттың көп таралуына байланысты табиғи сипаттағы ТЖ режимін жариялау мәселесі қаралуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 13:39 Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысында улы өрмекшінің жылдам таралуына байланысты ТЖ режимін жариялау мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 6 тамызда Баянауыл ауданының әкімі А.А. Ксентаевтың төрағалығымен Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, Торайғыр ауылының аумағында қарақұрт өрмекшілерінің таралуына қатысты кезектен тыс отырыс өткізілді.

"Отырыс қорытындысы бойынша жағдайға толықтай талдау жүргізілуде және өрмекшілермен күрес бойынша жедел шаралар қабылдау үшін Торайғыр ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау мәселесі қаралып жатыр",- деп хабарлады өңірдегі ТЖД.

Бұған дейін қарақұрт шапқыншылығымен күрес қалай жүргізілуде екенін айтқан болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: