Жаңалықтар тізбегі
0

12 жасында "ана" атанған қазақстандық жасөспірім туралы тың мәліметтер белгілі болды

12 жасында "ана" атанған қазақстандық жасөспірім туралы тың мәліметтер белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 15:51 Сурет: pexels
12 жасында босанған Павлодар облысының тұрғыны әлі де перинаталдық орталықта. Дәрігерлер оның жағдайы мен нәрестенің хәлі де қанағаттанарлық деп бағалайды. Толығырақ Zakon.kz. материалында.

Бұл туралы Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді.

"Босанған қызлдың лактациясы басылды, балаға қоспа сүт берілуде. Жас ана 1 қыркүйектен бастап мектептегі оқуын жалғастырады. Оның психоэмоционалды жағдайы мамандардың үнемі бақылауында болады. Сүт қоспаларымен қамтамасыз ету заңнамада көзделген нормаларға сәйкес жүргізіледі", — деді Сәуле Шәкенова.

Сондай-ақ, қыздың отбасы жаңа үйге көшірілгені атап өтілді. Ал, тұрғын үйді керек-жарақпен қамтамасыз етуге Моңғолиядан келген кәсіпкер-меценаттар көмектескен.

"Олар бұл отбасын кем дегенде ҚР азаматтығын ресімдегенге дейін "сүйемелдеуге" ниет білдірді. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер ананың өмірлік жағдайы қиын болған жағдайда, ата-ана құқықтарын шектемей, жаңа туған нәрестені 12 айға дейінгі мерзімге аналар үйіне орналастыруды көздейді. Дегенмен, ата-анасы бас тартып, баланы өздері баға алатындығын айтқан. Сонда да, отбасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қатаң бақылауда болады оның ішінде менің тарапымнан да", — деп түйіндеді Шакенева.

Айта кетейік, жас ананың отбасына көмек қолын созған меценаттар қатарында көп балалы әке, кәсіпкер және облыстық мәслихат депутаты Асылбек Туғанбай бар. 25 жыл бұрын ол отбасымен бірге Моңғолиядан өзінің тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп келген. Бұл оқиға туралы білгеннен кейін ол бірден қандастардың, достарының, кәсіпкерлердің атынан көмек ұсынды. Болашақта да ол отбасыға көмектесуге ниетті.

Асылбек Туғанбайға жаңа туған қызға есім беру құрметті құқығы берілді. Ол нәрестенің есімін Томирис деп қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: