Астанадағы қанды оқиға жайлы тың мәліметтер белгілі болды

Астанадағы қанды оқиға жайлы тың мәліметтер белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 09:47 Сурет: pixabay
21 жастағы астаналық үйіндегілерді ас үйдегі пышақпен жайпап салған. Бұған себеп, жақындарының "Бейуақыт болды, ойыныңды доғар" деген ескертпесі. Оқиғаның мән-жайын білетін көрші-қолаң әлі күнге үрей үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, бір отбасының шырғалаңы тұтас үйді таңғы сағат жетіде шыр көбелек айналдырды. Оқиға орнына бір емес, үш жедел жәрдем көлігінің келуі, қаптаған полицей, көршілердің "бір бәлекет болды ау" деген күдігін одан сайын арттырған.

Тұрғын үйдің уатсап чатында содан бері маза жоқ. Түрлі долбар жарыса айтылуда. Көршілердің айтуынша, әуелі 21 жастағы жігіт ас үй пышағымен 1997 жылғы туысқан ағасына тап беріп, 20 рет еш шіміркпестен пышақ сұққан. Кейін баласының жан дауысын естіген анасы, да, туыс екі әпкесі де жетіпті. Ойыннан желігі басылмаған жігіт бұлардың да әр жеріне пышақ ұрып, тамағын осып жіберген.

"Таңға жуық полицей есік қақты. Көмек сұрады. Еркек адам бар ма деді. "Жай ма, тыныштық па?" деп едім. "Пышақ жарақаты, көмек керек" деді. Күйеуім үйде жоқ еді. Балам жылаған соң үйге кіріп кеттім",- деді көршілерінің бірі .

Ең әуелі айқай-шуды естіген іргелес пәтердің иесі бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер шамамен бес минутта жеткен. Тек геймердің ағасы олар келмей тұрып жан тәсілім етіпті.

"Free Fire ойынын түнімен ойнаған. Бала ғой. Түнімен ойнаған болуы керек. Телефонын алып қойған болуы керек. Содан кейін таңертең сабағына барсын деуі мүмкін. Біз де үйде баламыздың телефонын алып қоямыз",- деді көршісі.

Қолы қанға боялып, виртуалды өмірде емес, шынтуайтында қылмыс жасағанын түсінген жігіт терезеден секірмекші болған. Күдікті қазір тергеу изоляторында.

"Адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалдың шығуана күдіктіге туыстары тарапынан жасалған ескертпе себеп болған".Диас Тоқатов Алматы ауданы ПБ бастығы

Басқа қаладан Астанаға нәпақа іздеп келіп, пәтер жалдап жүрген отбасыдан аман қалғандардың беті бері қарай бастапты.

"18 қаңтарда №1 ауруханаға үш әйел ауыр халде жарақатпен жеткізілді. Әрқайсысының денесінде кемі он шақты пышақ жарақаты бар. Дереу ота жасап, қанын тоқтатуға тырыстық. Айтарым, әр минут, сол сәтте адам өмірін сақтап қалу маңызды болды. Қазір бәрі есін жиған. Бірақ оқиғаның қалай болғанын есіне түсіргілері келмейді".Татьяна Колпакчи, №1 көпсалалы аурухананың дәрігері

Істің басқа да мән‑жайы тергеліп, анықталуда. Жақынынан айырылған отбасыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: