Астанадағы қанды оқиға: қаза тапқан бойжеткеннің інісінің жағдайы туралы белгілі болды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 15:39 Фото: Zakon.kz
Демалыс күндері Астанада қанды оқиға орын алды. Елордалық азамат бұрынғы сүйіктісіне пышық салған. Бойжеткен алған жарақаттарынан көз жұмды. Сондай-ақ күдікті марқұмның кіші інісін де жарақаттаған. Жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылғы 23 маусымда оның жағдайы туралы ақпарат таратты.

"2009 жылы туған жасөспірім арқа тұсынан пышақ жарақатын алып, шұғыл хирургия бөлімшесіне жатқызылды", – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, дәрігерлер оның жағдайы ауыр күйінде қалып отырғаны айтты.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін тағы бір елордалықтың баланың көзінше бірге тұратын әйелге пышақ салып, артынша өзі 25-ші қабаттан секіріп кеткенін жазғанбыз. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмса, ер адам таңғажайып түрде тірі қалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: