Жаңалықтар тізбегі
0

"Жайық таза қала" ЖШС көпірде қаза тапқан коммуналдық қызметкер туралы айтты

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2023 01:59 Сурет: 24.kz
Қайғылы оқиға 12 шілде күні сағат 10:00 шамасында көпірде болған. Автокөлік коммуналдық жұмысшыны қағып кеткен, 64 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Марқұм 2020 жылдан бері "Жайық таза қала" ЖШС-де жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Кәсіпорын басшысы Ринат Нұрғалиев оның былтырғы қазанда зейнетке шыққанын, бірақ еңбек шартын бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

"Олар көпірде жол жұмыстарын жүргізді, жиектерді жуды, тиісті белгі тұрған. Соғып кеткен кезде марқұм белгінің жанында тұрған. УАЗ жүргізушісінің айтуынша, оны біреу алып тастаған, ол біздің қызметкерді байқамай қалыпты. Алдымен белгіні, сосын ер адамды қағып кеткеy. Ол оқиға орнында көз жұмды. Мен өзім бүгін марқұмның туыстарына барып, көңіл айттым. Біздің компания жерлеуді ұйымдастыруға барлық қажетті көмекті көрсетеді", - деді Ринат Нұрғалиев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі УАЗ көлігін 76 жастағы ер адамның басқарғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: