Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағының жолаушылары шу шығарып, арты тәртіпсіздікке ұласты

FlyArystan, Алматы, әуежай, төбелес, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 18:47 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 19 тамызында әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы аккаунттардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, FlyArystan әуе компаниясы жолдаған SMS-хабарламадағы қателікке байланысты жолаушылар КС7053 рейсінен кешігіп қалып, әуежайда лаң шығарған. Ашулы қараша әуежай мүлкін сындырып, қызметкерлерге заттарды лақтырған.

FlyArystan Zakon.kz сайтына Алматы – Астана бағытына қатынайтын КС7053 рейсінің ұшу уақыты сағат 09:05-тен 09:25-ке дейін кешіктірілгенін нақтылады.

"Жолаушыларға жолданған ескерту хабарламада рейстің ұшу уақыты сағат 09:25-ке ауыстырылды деген 10:55-ке деп қате кеткен, ол жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты орын алған. FlyArystan орын алған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды". FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, әуе компания осы рейске кешігіп келген жолаушыларға билет ақшасы қайтарылатыны немесе қайта брондау мүмкіндігі бар екенін айтады.

"Сонымен қатар кешіккен жолаушыларға өтемақы ретінде 50 мың теңге сомасына біздің әуе компания билеттеріне ваучерлер де берілетін болады. Қазіргі уақытта байланыс орталығының агенттері жолаушылармен байланысқа шығып жатыр". FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

Кейінірек FlyArystan "видеодағы жолаушылармен арадағы мәселе шешілгенін, олар Астанаға келесі рейспен ұшқанын да нақтылай кетті.

"Алайда, компания жолаушыларға деструктивті мінез-құлқы үшін жауапкершілік қарастыралатынын ескертеді". FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі


2024 жылы 14 тамызда Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары рейстерінің тұрақты кешігуіне және өзге де шағымдарға байланысты тексерілетіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: