Қазақстан АЭС салу кезінде өзінің ядролық отынына бағдарланады
Оны бірінші отандық атом электр станциясы үшін пайдалану жоспарлануда. Бұл туралы "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ директоры Тимур Жантикин бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылауда хабарлады.
"2018 жылы біз атом станциясын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің бірінші бөлімін әзірледік, онда екі өңірде станция салу мүмкіндігін қарастырдық. Бұл Курчатов, ШҚО, қазір бұл Абай облысы, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстандағы Үлкен ауылының маңында, Балқашта, бұл Алматы облысы. Яғни, АЭХА ұсынымдары бойынша — қауіпсіздік бойынша, қуатты ядролық объектілерді орналастыру шарттары бойынша және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтері негізінде ауқымды зерттеулер жүргізілді. Екі аудан да жарамды деп танылды", — деді Тимур Жантикин.
Ол сондай-ақ Қазақстанның энергожүйесінің болжамды дамуына талдау жүргізілгенін, оның негізінде оңтүстік өңірде 2,7 гигаваттқа дейінгі мөлшерде электр энергиясының тапшылығы анықталғанын айтты.
"Оңтүстік Қазақстан — электр энергиясын тұтыну орталығы. Аймақ біздің негізгі генерацияларымыз орналасқан солтүстікте өндірілетін энергияны тұтынады. Яғни, бұл ядролық көзді орналастырудың оңтайлы орны. 2019 жылы біз маркетингтік процедураларды жүргіздік, жетекші сатушылардан техникалық және коммерциялық ұсыныстар сұрадық, бізге 13 жоба ұсынысы берілді. Энергетика министрлігімен бірге критерийлер жүйесі әзірленді, ол бойынша біз Қазақстанда құрылыс үшін ең перспективалы төрт жобаны таңдадық. Бұл Қытай, Корей, Ресей және Француз компаниялары. 2022 жылы осы төрт жобалық ұсыныс үшін деректерді өзектендіру жүргізілді. Француз Консалтингтік компаниясымен бірге бағалау критерийлерінің жүйесі жетілдірілді. Қазіргі уақытта осы жобалық ұсыныстарды егжей — тегжейлі зерделеу жұмыстары жүргізілуде", — деді Жантикин.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Оның айтуынша, маркетинг бөлімінің материалдары жапондық атом электр компаниясы жүргізген халықаралық сараптамадан өткен.
"Олар біздің барлық нәтижелерімізді, зерттеу әдістемелерімізді растады және біздің ұсынысымызбен келісті. Бірінші станция Балқаштағы Үлкен ауылының ауданында салынуы керек. Атом электр станциясын салу кезінде 8 мың жұмыс орны және 2 мың адам пайдалану сатысында құрылады", — деп атап өтті ол.
Қазақстан АЭС үшін өзінің ядролық отынын пайдаланатын болады деп жоспарлануда.
"Ядролық отынды әлемдегі көптеген елдер өндірмейді. Елде өндірілетін отын қазір толығымен экспортқа шығарылуда. Атом станциясының үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, әрине, өз отынымызға назар аударамыз", — деді спикер.
Бұған дейін Қазақстандағы көмір электр станцияларының тозу деңгейі жоғары екендігін айтқан болатынбыз.