Алматы маңындағы тауға шығамын деп, аяқ-қолын сындырып алған турист құтқарылды
Сурет: Zakon.kz
Құтқарушылар Іле Алатауының Башут шыңына шығамын деп аяқ-қолын сындырып алған туристі төменге түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 21 тамызда кешке тау шатқалында зардап шеккен 21 жастағы ер адамға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына келген ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристке алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін альпинистік жабдықтар мен зембілдің көмегімен зардап шеккен адам 3400 метр биіктіктен эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript