Іле Алатауында жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар 12 сағат бойы іздеген
Сурет: Zakon.kz
Алматыда құтқарушылар Қарғалы өзенінің бойымен жағалап, тауға шыққаннан кейін байланысқа шықпаған ер адамды 12 сағат бойы іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жайт 23 тамызда болды. Ол кезде үш дос Іле Алатауындағы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында шатыр тіккен.
"Олардың біреуі, 1991 жылы туған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, содан кері оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді", деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Сурет: ҚР ТЖМ
Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 25-ші тамызға қараған түні 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар ер адамды тапты.
Ол медициналық көмекті қажет етпеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript