Алматы облысында Сібір жарасын жұқтырғандардың саны артты
Сурет: primeminister.kz
Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 9 қыркүйекке 16 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-інде "сібір жарасы" диагнозы расталды, төртеуінде нәтиже теріс шықты, тағы бір науқастан алынған сынама нақтылануда. Барлық науқас қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатыр, олардың жағдайы тұрақты.
"Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. Біз өңір тұрғындарын қырағы болуға, ет пен ет өнімдерін тек тексерілген жерлерден сатып алуға, малға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтынын есте ұстаған жөн", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы.
Сондай-ақ, әкімдіктегілер Үлкен Ақсу ауылында карантин жарияланғанын, эпидемиологиялық ошақ оқшауланғанын жеткізді.
2024 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдік келтірілген төрт жағдай тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript