Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қызыл жалынның арасынан бір жасар баланың мәйіті табылды

Пожар на складе, пожар на складских помещениях, горящие склады, горящие складские помещения, тушение складов, пожарные, пожарный, пожарная служба, огонь, возгорание складских помещений, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 12:55 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірі отқа оранды. Тілсіз жаудың салдарынан бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 12 қыркүйекте орын алған.

"ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданына, Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, өрт ашық жалынмен ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың S=200 шаршы метрдегі отқа оарнғанын анықтады, сондай ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндады",- деп мәлімдеді Алматы ТЖД.

Өрт жоғары өрт жүктемесінің себебінен тез таралып, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) жасалған, өрт орнынан 1 газ баллоны эвакуацияланды.

"Өртті барлау және сөндіру барысында өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып: 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел, №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді.Өкінішке орай, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды".Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін Балқаш маңындағы газ құю бекетінде автокөліктің жарылған белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: