Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында оқушылары астан ұшынған мектептің асханасы уақытша жабылды

Мектеп асханасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, оқушылардың улануы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 18:56 Сурет: Zakon.kz
Оқушылары астан ұшынған Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы мектеп асханасы уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz өңірлік басылымына аталған оқиғаның егжей-тегжейін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі баяндап берді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сол кезде 16 оқушы өзін жайсыз сезінген. Алайда, тексерулер оның мектептегі тағамға қатысы жоқ екенін көрсетті.

Бейнеу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Тұралы Жолышовтың айтуынша, оқушылардың өзін жайсыз сезінуіне асханадағы тамақ немесе ауыз су деп айтуға әлі негіз жоқ.

"Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің жақында іші ауруына шағымданған барлық 16 оқушысы мектеп асханасында тамақтанбаған. Тамаққа ешқандай қатысы жоқ, өйткені уланғандардың арасында асханада тамақтануы тиіс оқушылар жоқ. Олар мемлекеттің көмегіне зәру отбасылардан емес. Олар - 5-7 сынып оқушылары". Тұралы Жолышов

Бірақ соған қарамастан асхана жабылды. Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Бейнеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, оларды сараптамаға жібергенін хабарлады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: