Көкшетауда көше бойында "Газель" автокөлігі отқа оранды

4 қазанда Көкшетауда "Газель" автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар шақыру түскен сәттен бастап 14 минут ішінде өртті сөндірді.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды жүргізушілер есіне салады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Таразда өрт шыққан мейрамханадан 86 адам эвакуацияланғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript