"Ұшаққа жай түсті". Шымкент – Алматы рейсінің неге кешіктірілгені белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
30 қазанда Air Astana әуе компаниясының Шымкент – Алматы бағытындағы KС972 рейсі техникалық ақауларға байланысты белгіленген уақытта көкке көтерілмеді. Әуе компанияның баспасөз қызметі аталған оқиғаның егжей-тегжейін ашып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде FlyArystan ұшағына найзағай түскендіктен Шымкент – Алматы бағытындағы КС972 рейсінің ұшу уақыты кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Әуе компания бұл ақпаратты жоққа шығарып, бізге түсініктеме берді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 30 қазанда Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС971 рейсін орындауы тиіс Air Astana ұшағы техникалық себепке байланысты (сол жақ бактың отын деңгейін индикациялау жүйесіндегі ақаудың анықталуы) FlyArystan-дікіне ауыстырылған.
"Осыған байланысты Шымкент-Алматы бағытындағы KC972 рейсі уақытынан кешігіп көкке көтерілді", деп нақтылады әуе компаниядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript