Алматыда "сүйкімді құтқару операциясы" орын алды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда ТЖМ құтқарушылары екі жасар балаға және оның анасына көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ ақпаратынша, 112 қызметіне алаңдаған әйел қоңырау шалды. Ол бөлме аралық есіктің құлпы жабылып қалып, есіктің артында екі жасар қызы қамалып қалғаның хабарлады.
Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары келді. Олар бұрандаманың көмегімен есікті ашты.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Баланың анасы ведомство мамандарына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Мұнымен қоса, құтқарушыға кішкентай ханшайымды қолына алып, естелікке суретке түсуге рұқсат берді.
Бұған дейін құтқарушылардың тауда қалып қойған туристті 16 сағат бойы іздегені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript