Екібастұз ГРЭС-1-дегі энерго блоктардың бірінің неге тоқтатылғаны белгілі болды

Екібазтұз ГРЭС-1, техникалық апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 19:14 Сурет: Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" сайты
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы ең ірі электр станциясы - Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" блоктарының бірінің тоқтау себебін атады", деп хабарлайды Zakon.kz.

"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС № 1 түтін шығару құбырының оқпанынан қысқа мерзімде түтін сипатында газ шыққаны белгілі болды. Оның себебін анықтау үшін тексеру жұмыстарына мамандандырылған ұйым тартылды.

"Электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін еліміздің басқа электр станцияларында генерацияны ұлғайту алдын ала ұйымдастырылды. Тұтынушыларды электрмен жабдықтауға және жылумен қамсыздандыруға аталған жайт әсер етпейді", деп нақтылайды министрлік.

Бұған дейін Екібастұз ГРЭС-1-де анықталмаған техникалық проблемаға байланысты блоктардың бірінің жұмысы тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: