Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды
Сурет: wikimedia
2024 жылдың 20 қарашасына қараған түні Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 4-ке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сәйкес, жер сілкінісі ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан тұрғындары жер асты дүмпулерін сезбеді.
Сондай-ақ, елдімекендерде жер сілкінісі Лейлек, Рават, Қара-Суу, Коргон, Катран, Коргон ауылдарында шамамен 3,5 балл; Берік-Суу, Қызыл – Шарба ауылдарында 3 балды құрады.
Алдын ала ақпарат бойынша, бақытымызға орай, құрбандар мен қирандылар жоқ.
Айдың басында, 2024 жылғы 5 қарашада Алматы мен Алматы облысында сағат 10: 00-де жер сілкінісі болды. ТЖМ мәліметтері бойынша, жер асты дүмпулерін Талғар мен Есік тұрғындары көбірек сезді. Шамамен магнитудасы – 4,5.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript