Петропавлда абайсызда көзіне пышақ кірген бүлдіршін ауыр хәлде

Ребенок в больнице, дети в больнице, пострадавший ребенок, пострадавшие дети, ребенок, дети, детская больница , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 15:16 Фото: freepik
19 желтоқсанда Петропавлда оқыс оқиға болды, 3 жасар баланың орындықтан құлаған сәтінде көзіне пышақ түскен. Қазір дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін аман алып қалу үшін барын салуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

7152.kz дерегіне сүйенсек, науқас көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 14:05-те жеткізілген. Дәрігерлер баланың сол жақ қарашығы астындағы ауыр жарақатпен, өте ауыр, агональды жағдайда түскенін айтты. 

Анасының айтуынша, ас үйдегі орындықтан құлаған кезде ұлының көзіне пышақ түскен. Суық қаруды көзінен жұлып алғанда, бала есінен танып қала берген. 

Бүлдіршін бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. 

"Баланың жүрек-өкпе қызметін қалпына келтіру мақсатында жедел реанимациялық шаралар жүргізілді. Олар сәтті өтті. Гемодинамика бақылауға алынып, инотропты қолдау көрсетілді. Одан кейін нейрохирург пен офтальмолог мамандардың шұғыл консилиумы ұйымдастырылды", - деді дәрігерлер.

Баланың диагнозы: ашық бас сүйек-ми жарақаты, миының қатты соғылуы және көзіне пышақ кірген. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. 

Бұған дейін Қостанай облысында алып сәби дүниеге келгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: