Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім зардап шекті. Министр мәлімдеме жасады

Шырша, жаңа жылдық, безендіру, мұғалім, зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2024 17:37 Сурет: Zakon.kz
Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру шараларына мұғалімдер тартылып, олардың бірі зардап шекті. Аталған оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – "Педагог мәртебесі туралы" заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін", деп жазды Facebook-тегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министр Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келетінін айтады.

"Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін.Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды", - дейді министр.

Бұған дейін Атырауда әскери мектепте тексеру жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: