Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 2 қаңтарда Ақорда мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді",- делінген ақпаратта.
Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін Тоқаевтың Байденге көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript